Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күні. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
"Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған жоспарға сәйкес мерекелік іс-шара өтті. Әр топ 5 ұлт өкілдерінің (өзбек, сыған, орыс, шешен, қазақ) өнерін, ұлттық тағамдарын жалпы ерекшеліктерін көрсетті. Мерекелік іс-шараға қызмет алушылар мен орталық мамандары белсенді атсалысты.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!