Бүгін 7.04.2022ж аудандық Мәдениет үйінде "Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-нің қызмет алушылары "Жауказын" балалар шығармашылық байқауында алғаш рет өз өнерлерін көрсетті. Байкауға орталығымыздың талданатты өнерпаздары ән айтып, би билеп, өлеңді мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, қызмет алушылар "Бақытты балалық шақ" атты қолөнер бұйымдарынан көрме ұсынды.
Байқау өте жоғары деңгейде өтті деуге болады. Қызмет алушыларымыз "Жауқазын" балалар фестиваліне қызмет алушыларды қолдап келген ата-аналарға, кеш қонақтарына шексіз ризашылығымызды білдіреміз!