Жаңа  көлік балаларды қуанышқа бөледі

Жаңа көлік балаларды қуанышқа бөледі

Автор: urdzhar-sossu.kz 25

Бала өмірдің шаттығы мен шуағы, шырайы мен ақ гүлі. Баланың күлгенін, шаттанып қуанғанын көрген бір бақыт. Мемлекеттің басты мақсат-мұраты да балалардың бақытты өмір сүруі.

Жайдарлы жаздың алғашқы күні 1-Маусым балалар күні қарсаңында «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»КММ-сі қос қуанышқа толы,ерекше апта болды.Себебі, көптен күткен УАЗ автокөлігі де жетті.Осы қуанышты сәтті барлық мамандар мен бүлдіршіндер мерекелік көңіл-күймен қуана қарсы алып, орталықтың Әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Р.Ж.Жанкүшікова шашу шашып салтанатты дәстүрге ұластырды. Су жаңа көлікке асыға мінген балалардың қуанышында шек болмады. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дегендей балаларымыздың жүзіндегі шаттықты көріп,бізде қуанып қалдық. Біз үшін балаларымыздың тәтті күлкісінен асқан бақыт жоқ қой. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын,мейірленсін» демекші, өз жұмыстарын уақытпен санаспай жауапкершілікпен атқаратын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов Даниял Кенжетайұлы және Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Сәрсебаев Жасұлан Бірлікұлының қолдау көрсеткеніне алғысымыз шексіз! Осындай игілікті істерді атқарып, қолдау көрсеткен азаматтарға мықты денсаулық, отбасыларына бақ-береке, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз.


Поделиться:


Баннерлер