Дүкен әлемі

Дүкен әлемі

Автор: urdzhar-sossu.kz 73

«Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де ақпан айының 20 жұлдызында «Дүкен әлемі» тақырыбында «Достық» атты әмбебап дүкен ашылып «Сюжеттік-рөлдік» ойын өткізілді.

Бұл ойынның негізгі мақсаты; қызмет алушылардың қоғамға дұрыс бейімделуі, ортада өзін-өзі ұстауы, өздеріне керекті затты таңдап, сауда жасауы және ақшаны үнемдеп дұрыс жұмсауды үйрену болып табылады. Ойын кезінде әр топтың дефектологтары мен тәрбиешілері өздерінің тауарларын реттеп қызмет алушылары тауарларды саудалап тұтынушыларға ұсынды. Косметикалық бұйымдар, азық-түлік өнімдерін «Жас Өркен» тобының қызмет алушысы Несіпбаева Мариям жарнамаласа, «Балдаурен» тобының қызмет алушылары Баймұрат Мерхат тұрмыстық заттармен, киім-кешектерді, Тыныбекова Мөлдір кеңсе тауарларын ұсынды. Дүкеннің касса-аппаратында «Жас Өркен» тобының қызмет алушысы Советбекова Қырмызы және «Ұландар» тобының тәрбиеленушісі Азатов Ерасыл отырды. Тұтынушылардың алған тауарларын қаптап тұру қызметін «Балапан» тобының қызмет алушылары Арғынбек Кәусар, Абылайханов Бекжан атқарды. Дүкеннің күзетшілері болып мекеме тәрбиеленушілері Төлеуғалиев Ернұр мен Берік Ақжол жақсы қызмет етті. «Дүкендер әлемі» тақырыбында өткізілген «Сюжеттік-рөлдік» ойындарға белсене қатысқандары үшін барлық топтар мекеме директорының алғыс хаттарымен мараппатталды.


Поделиться:


Баннерлер