Сөз асылы Абай әлемінде

Сөз асылы Абай әлемінде

Автор: urdzhar-sossu.kz 70

2020 жылдың 21 ақпанында «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Сөз асылы Абай әлемінде» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Кештің негізгі мақсаты: Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету. Ұлы ақынның өнегелі өнерімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау болды.

«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы, онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ...»,- деген Ахмет Байтұрсынұлының керемет сөзімен жүргізушілер әдеби кешті бастап, Абайдың балалық шағынан көрініс көрсеті. Мекеме қызмет алушысы Буланов Милат бала Абай болып тамаша ойнап шықты. Ары қарай кезекті мекеме қызмет алушылары: Советбекова Қырмызы, Журавлев Алексей, Маликов Мерей, Несіпбаева Мариям, Буланов Милат, Тыныбекова Мөлдір ақынның терең мән-мағыналы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Абай шығармашылығындағы елеулі орын алатын «Ескендір» поэмасынның мазмұнын Советбекова Қырмызы әсерлі етіп жеткізіп көрермендерді өзіне баурап алды. Кештің жалғасын орталығымыздың жас маманы Дәурен Талғатұлы өзі шығарған «Абай рухымен сырласу» атты өлеңін оқыды. Абай десе әрине қара сөздерін айтпай кетуге болмайды. Мекеме дефектологы Айтбаева Гулжихан ақынның 1-ші қара сөзін оқыса мекеменің мәдени ұйымдастырушысы Юсупахунова Талшын «Көңілім қайтты, достан да дұшпаннанды» атты өлеңімен кешті жалғастырды. Ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай», «Айттым сәлем қаламқас» атты әндерін мекемеміздің қызметкерлері зор ықыласпен орындап шықты. Кештің соңын орталығымыздың директоры Мухамадиева Айжана Аманжолқызы, мекеме директорының әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Жанкүшікова Рысқан Жағыпарқызы және мекеме әдіскері Абдрахманова Гулнар Ақпарқызы қорытындылап, кештен алған әсерлерімен бөлісті.


Поделиться:


Баннерлер