Масленица мерекесі

Масленица мерекесі

Автор: urdzhar-sossu.kz 271

2017 жылдың 26 ақпан күні Үржар ауылының орталық алаңында орыс халқының салт дәстүрі бойынша қысты шығарып салу- «Масленица» мерекесі өткізілді. Аудан деңгейінде өткен бұл мерекеге «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ белсене қатысты.

Мекеме мамандары Масленица мерекесінің алтыншы күні-«Золовкины посиделки» көрінісін сахналады.Орыс халқының ұлттық әндері, билері орындалып, ұлттық ойындары ойналды. Мекеме қызметкері Резникова Наталья орыс халқының көңілді «Трактористка» әнін нақышына келтіріп орындады. Бұл мерекеге арнап орыс халқының ұлттық тағамдарына толы мерекелік дастархан жайылды. Мереке соңында дәстүрлі түрде ызғарлы қыс кетіп, шуақты көктем келіп, барлық жамандық атаулысы сонымен кетсін деген мағынада «Масленица» мерекесінің символдық «чучелосы» жағылды. Барлық қонақтар мен қатысушылар жоғарғы көңіл күйлерімен ризашылықтарын білдірді. «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»КММ аудан әкімінен Алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Директордың м.а. Р.Ж.Джанкушукова

Масленица мерекесі
Масленица мерекесі

Поделиться:


Баннерлер