Мекеме тарихы

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Үржар тірек –қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балаларға арналған медициналық–әлеуметтік мекеме» КММ 2011 жылдың 1 қаңтарында ШҚО әкімдігінің 25.11.2010 ж. №632 Қаулысының негізінде ашылды.

30.01.2015 жылы ШҚО әкімінің №19 қаулысы негізінде «Үржар тірек –қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балаларға арналған медициналық–әлеуметтік мекеме» КММ-нің атауы Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Үржар балалар психоневрология медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ- деп өзгертілді.

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Үржар балалар психоневрология медициналық-әлеуметтік мекеме» КММ- 15.07.2016 ж ШҚО әкімінің №227 қаулысы негізінде КММ-нің атауы «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ деп өзгертілді.

Жобалық қуаты – 56 төсек-орынға арналған. Жалпы ауданы: 2381,48 кв.м.

Бұл мекеме «Туған жерге тағзым» акциясының аясында дүниеге келген және «Сенім-Үміт» жобасы негізінде «Жамбыл» қорының бастамасымен іске асырылды. Жобаның іске асуына «Жамбыл» қорының негізін салушы Нұрлан Қаппаров пен «Temco Energy Group» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы Әмір Уәлиев ұйытқы болып, демеушілік көрсетті.

Жоба идеясына рух беруші – Европарламент депутаты Струан Стивенсон.

Мекеме мүмкіндігі шектеулі балаларға жоғары білікті, көпсалалы, кешенді сауықтыру шараларын ұйымдастыру арқылы денсаулықтарын оңалтуға қажетті жағдай жасау мақсатында ашылды.

Мекеме жарғы негізінде жұмыс атқарады және мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес 8-түрлі әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

қызмет алушылар саны 56. Соның ішінде психоневрологиялық ақауы бар балалар саны - 36, тірек-қозғалу аппаратының бұзылушылығы бар балалар саны – 20.

Мекеме ғимараты арнайы құралдармен толықтай жабдықталған. Қызмет алушылардың толыққанды өмір сүруіне ыңғайлы. 2014 жылдың қазан айында мекеменің қос қабатты негізгі ғимаратына жапсарлас салынған қосымша ғимарат құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Құрылыс нысаны қысқа мерзім ішінде аяқталып, мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін кедергісіз ортаға айналды. Жұмыс шартындағы жағдайлар жақсарып, арнайы әлеуметтік қызметтер тек аудан қызмет алушыларына ғана емес облыс көлемінде де көрсетіле бастады.