Жаңа жыл қарсаңында

Жаңа жыл қарсаңында

Автор: urdzhar-sossu.kz 91

Жаңа жыл қарсаңында карантинге байланысты үйде отырған қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, әр отбасын мерекемен құттықтау, балаларға демеушілер ұсынған кулектарын табыс ету мақсатында мамандардан құралған топ балалардың үйлерін аралады. Аяз Ата мен Ақшардың келгеніне ерекше қуанған балалар Жаңа жылдық костюмдарын киіп тақпақ айтып, ән айтып, би билеп, өз қуаныштарын көрсетті. Ата-аналарда шаңырақтарына киініп келген кейіпкерлерге ризашылықтарын білдіріп, осындай іс-шараны ұйымдастырған орталық әкімшілігі және мамандарына алғыстарын жаудырды. Сонымен қатар, "Жас Ұлан" тобына қамқоршы мекеме болып бекітілген «Үржар аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлеріне, жаңа жылдық кейіпкерлерімен ерекше құттықтау ұйымдастырғаны үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Жаңа жыл қарсаңында

Поделиться:


Баннерлер