Мүмкіндігі шектеулі жандар күні

Мүмкіндігі шектеулі жандар күні

Автор: urdzhar-sossu.kz 9

9 - қазан күні “Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ - де қазан айының екінші жексенбісі “Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне” орай “Мейірімділік менің жүрегімде” тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс - шараға қызмет алушыларға әлеуметтік көмек, рухани көмек көрсету мақсатында бекітілген аудандық мекемелер қонаққа шақырылды. Олар: “Балапан” тобына бекітілген “Тарбағатай” мемлекеттік табиғи паркі” РММ, “Балдәурен” тобына бекітілген “Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі-бақшасы” КММ, “Жас ұлан” тобына бекітілген “Үржар аудандық жастар ресурстық орталығы” КММ, “Жас өркен” тобына Үржар аудандық Әділет басқармасы, “Ұландар” тобына бекітілген ШҚО ТЖД Үржар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі. Келген қонақтар іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, балаларға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілеп, аз қамтылған отбасынан шыққан әр топтан бір қызмет алушыға жылы киім сыйлады. Іс-шара барысында қызмет алушылар және орталық мамандары мейірімділік, қамқорлық, ризашылық тақырыбында ән айтып, би билеп, көрініс көрсетті. Сахна тақырыпқа сай безендіріліп, экраннан әр номерге байланысты бейнеролик көрметілді. Көрермендер жақсы әсер алып, шара соңында өз әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Іс-шараны орталық директоры Айжана Аманжолқызы қатысушыларға, ұйымдастырушыларға, келген қонақтарға деген алғысын, ризашылығын білдіріп, қорытындылады. Іс-шараны өткізу барысында барлық санитарлық, қауіпсіздік шаралары ескерілді.


Поделиться:


Баннерлер