1-қазан қартар және Ұстаздар мерекесі

1-қазан қартар және Ұстаздар мерекесі

Автор: urdzhar-sossu.kz 12

«Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»КММ-де « 1-қазан қартар мерекесі» және Ұстаздар күніне орай «Мейірімділік жүрек жұмсартар» атты салтанатты іс-шара аталып өтті.

Жиын барысында, ардагер қарттарға арналған шағын бейнеролик көрсетілді,сондай- ақ ұстаздарға да құттықтау бейнеролигі қойылды.Мекеме басшысы Мухамадиева Айжан Аманжолқызы, мамандар мен қызметкерлерге жылы лебізін білдіріп ,алғыс хаттар мен мадақтау қағаздарын табыстады.Мерекелік іс-шараны асхана қызметкері Наташа Резникова «Родительский дом» әнімен ашты.Сонымен қатар мекеме психологы Берекболова Назира «Алғыс» әнін шырқаса ,мекемеміздің жігіттері «Мектептегі оқиға» атты көрнісімен көрермендердің қошеметіне ие болды. Салтанатты жиынды мекеме мамандары бірігіп «Ұстазым» әнімен түйіндеді.


Поделиться:


Баннерлер