Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Автор: urdzhar-sossu.kz 12

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы №382 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды.

Бүгін 11.09.2020 ж күні «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не жоғарыда айтылған «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық паркінің басшысы Тоқымтаев Алибек Тоқтаубекұлы осы мекемедегі туризм бөлімінің басшысы Анна Хрулева, Даулет Тоқтасынұлы және Тюркер Заринаның ұйымдастыруымен мекеме қызмет алушыларымен және мамандармен кездесті. Кездесу барысында мекеме директоры Мухамадиева Айжана Аманжолқызы мен мекеме директорының әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Жанкүшікова Рысқан Жағыпарқызы орталықтың жұмысымен, тыныс тіршілігімен таныстырып өтті.«Балапан» тобының қызмет алушыларына демеуші ретінде бекітілген. Болашақта бірігіп жұмыс жасайтын туралы айтты.Қонақтар мекеме қызмет алушыларының бірге «Алтын күзге» жеміс-жидектермен жасаған дайындықтарын тамашалады.. Қонақтар қызмет алушыларға өздері арнайы дайындаған «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық паркі жайлы кітапшалар мен күнтізбелер сыйлады. «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері орталықтың балаларына Барқытбелдің баурайындағы жері шұрайлы, қазақтың құт қонған қасиетті жерінде Үржар ауданында орналасқан «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық паркі жайлы қысқаша мағлұмат беріп, болашақта тығыз қарым-қатынаста болып бірігіп жұмыс істеуге шақырды


Поделиться:


Баннерлер