Дедімай-ау

Дедімай-ау

Автор: 70

«Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де қайырымдылық айлығына орай қазанның 18-ші жұлдызында «Жүрегім толы мейірім» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Бұл мерекелік іс-шараға Мақаншы ауылының «Дедімай-ау» ардагерлер ансамблінің әжелері қонаққа келіп, қызмет алушы балаларға өздерінің әсем дауыстарымен ән шырқап, қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеп, өз қолдарынан шыққан тамаша ою өрнекпен көрнектелген бұйымдарын таныстырып өтті. «Дедімай-ау» әжелер ансамблінің құрылғанына 20 жыл толуына орай мекеме қызмет алушылары әжелердің құрметіне шағын мерекелік бағдарлама өткізді. Орталықтың түлегі Манабаев Бағлан «Қайран анашым» әнін орындаса, Советбекова Қырмызы «Уақыттың қадірі» өленін оқып берді. Келесі кезек мекеменің мақтанышы, арбада отырып би билеу байқауында «Әлем кубогі, Құрлықтар кубогінің» күміс және алтын медаль иегері Журавлев Алексей «Джайв» биін әжелерге арнады. Орталықтың жас әншісі Тыныбекова Мөлдір «Ата әже» әнін орындап, Буланов Милат «Мен қазақы баламын» әнін шырқады. Құттықтау сөз кезегі мекеме басшысы Мухамадиева Айжана Аманжолқызы және деректордың әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Жанкүшікова Рысқан Жағыпарқызына беріліп, келген әжелер ансамбліне сый-сыяпатарын ұсынды. Қорытынды сөз «Нұр Отан» партиясының төрағасының 1-ші орынбасары Жүнісова Роза Сүлейменқызына беріліп, «Дедімай-ау» әжелер ансамблін 20 жылдық мерейтойымен құттықтап мерекелік іс-шарамызды аяқтады.


Поделиться:


Баннерлер