Дойбы мен шахматтан турнир

Дойбы мен шахматтан турнир

Автор: urdzhar-sossu.kz 24

«Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ де Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі Амиргалинов Бауыржан Дүйсенғалиұлы, Мұсасарин Қанат Мұхтарұлы Абай Құнанабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «дойбы мен шахматтан» жарыс өткізді.

Қызмет алушылар жарысқа белсене қатысып шахмат жарысында жақсы ойын өрнегін көрсеткені үшін грек-рим күресінен Әлемдік чемпионаттың қола медаль иегері Алмат Кебіспаев марапаттады..Шахматтан бірінші орын алған Азатов Ерасыл, екінші орын Буланов Милат, үшінші орын Несіпбаева Мариям иеленді.

Дойбы жарысында қыздар арасында бірінші орын алған Несіпбаева Мариям, екінші орын Алемсейтова Ажар, үшінші орын Бөлекбаева Балжан.

Ұлдар арасында дойбыдан бірінші орынды Талғатұлы Нұрболат, екінші орын Нұрдаулетов Анир, үшінші орынды иеленген Маликов Мерей.

Жақсы ойын өрнегін көрсеткені үшін басқа қызмет алушылардың да қанжығалары бос қайтпады.

Дойбы мен шахматтан турнир
Дойбы мен шахматтан турнир

Поделиться:


Баннерлер