Қарты бар үйдің, қазынасы бар

Қарты бар үйдің, қазынасы бар

Автор: urdzhar-sossu.kz 17

«Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ де қарттар күніне орай «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» атты мерекелік іс-шара өтікізілді. Іс-шараның мақсаты орталығымыздан зейнеткерлік демалысқа шыққан қызметкерлерді және мекемеде жұмыс істеп жүрген зейнеткер мамандарды мерекесімен құтықтау.

Мерекелік кешті тәрбиеші Қабылханов Ербол Берікұлы және мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы Юсупахунова Талшын Сакенқызы жүргізді. Іс шараны орталықтың қызмет алушы Советбекова Қырмызы«Мен елімнің ертеңі»әнімен ашты. Жүргізушілер осы қарттар күніне арналған мағыналы мағлұматтарды айтып жеткізді. Алғашқы құттықтау сөзді орталықтың әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Р.Жанкүшіковаға беріліпкелген қонақтарға сый-сияпаттар көрсете отырып келген қонақтарды басты мерекелермімен құтықтады. Келесі кезекте орталықтың тәрбиеленушілердің арнайы дайындап жаттап келген өлен шумақтарын ізгі көңілдерімен қонақтарға оқып берді. Ол балаларды айта кетсе Қасенова Ақниет, Алемейтова Ажар, Баймұрат Мерхат, Т ыныбекова Мөлдір, Бақтыбекова Ділдә.

Қазақтың қарға тамырлы қарияларын мадақтай келе, жүргізуші Қабылханов Ербол арнайы шақырылған қонақтарменен сұрақ жауап ретінде сұхбат алды. Келген қонақтар қойылған сауалға әсемде көрікті қылып жауап қайтарып отырды. Бұдан кейін балдаурен тобы дайындаған Золотая свадьба әнімен сахыналық қойылым сахналанды. Кезек ән шашуға да келіп, «Әке» әнін Буланов Милат, «Ата әже» әнін Тыныбекова Мөлдір және де «Мен қазақтың қызымын» әнін Несіпбаева Мариям орындап әсем дауыстарымен нақышына келтіре әндерін шашу етті. Ән шашу аяқталғаннан кейін Асыл тас үйірмесі қарттар күйіне дайындаған «Барыңды бағала» атты сахыналық қойылым қойылды. Қойылым көрінісіне еңбек нұсқаушысы Турдахунов Ерлан, тәрбиеші Қабылханов Ербол, емдік дене шынықтыру маманы Байдүйсенов Нұржан мен НұғмановРүстем, немере рөлін мекеме тәрбиеленушісі Советбекова Қырмызы ойнап және де мәдени ұйымдастырушы Юсупахунова Талшын өз деңгейінде сахыналық қойылымды тамаша ойнап шықты.Кеш соңы еңбек нұсқаушысы Қасымжанова Эльмираның әнімен аяқтадық.

Қорытынды сөзді мекеме директоры МухамадиеваА.А қорытындылай келе тағы да қарттар мерекесімен құтықтады. Келген қонақтар бір-екі ауыз сөз алып, ризашылықтарын білдірді.

Қарты бар үйдің, қазынасы бар
Қарты бар үйдің, қазынасы бар

Поделиться:


Баннерлер