Аяулы күз, алтын күз!

Аяулы күз, алтын күз!

Автор: urdzhar-sossu.kz 21

Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ де отбасы күніне орай «Аяулы күз, алтын күз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Іс-шараның мақсаты «Аяулы күз, Алтын күз!» - сайысына қатысушылардың тапқырлығын, шеберлігін дамыту. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып ,қызмет алушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Мерекелік кешті дефектолог маман Нысамбаева Индира Тасболатқызы мен Акимбекова Әсел Кайырғазықызы күздің кереметі мен ерекшелігін айтып,жете түсіндірді.Алғашқы құттықтау сөз орталықтың директоры Мухамадиева Айжана Аманжолқызына берілді. Мерекелік бағдарлама «Балдәурен» тобының қызмет алушыларымен музыка маманы Р.Ғ.Төлеутаеваның баян аспабында сүйемелдеуімен «Күз келді алақай!» әнімен ашылды. Әр топ ата-аналары балаларымен бірігіп жасаған «Күзгі сый» композициясына қолдан жасаған түрлі бұйымдарын көрмеге ұсынды.Келесі кезеңінде бес топтың қызмет алушылары өз өнерлерін ортаға салды. «Жас өркен» тобының тәрбиеленушілері «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын А.Алемсейтова мен М.Буланов сомдап, Қ.Советбекова мәнеріне келтіре оқыды. «Ұландар» тобының тәрбиеленушілері «Теңізшілер», «Қара жорға» билерін биледі. «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі М.Тыныбекова «Жарқын күз» әнін нақышына келтіре орындады. «Жас ұлан» тобының тәрбиеленушілері «Жапырақтар» биін билесе, «Балапан» тобының «Кап-кап» әнімен жалғасты. Тақырып төңірегінде жұмбақтар, мақал-мәтелдер айтылды. Орталық мамандары «Шалқан» ертегісі бойынша музыкалық қойылымды тарту етті. Дене шынықтыру маманы Д.Габитов ата-аналар мен балаларды біріктіріп, спорттық ойындар ұйымдастырды.Кеш соңында Санкт-Петербург қаласында өткен арбада отырып билеуден «Әлем кубогы, Құрлықтар» кубогы байқауында өз өнерін көрсеткен Журавлев Алексей мен Буланов Милат «Жаса қазақ елі!» әнін шырқады.Қорытынды кезеңде орталықтың Әлеуметтік істтер жөніндегі орынбасары Р.Ж.Жанкүшікова мен Г.А. Абдрахманова Отбасы күнімен құттықтап, мерекеге белсене қатысқан барлық мамандарға, ата-аналарға , тәрбиеленушілерге шексіз ризашылықтарын білдіріп, алғысхаттармен марапаттады.

Орталықтың дефектолог маманы: И.Т. Нысамбаева.

Аяулы күз, алтын күз!
Аяулы күз, алтын күз!

Поделиться:


Баннерлер