Ақ ниетті көмегім-2019» қайырымдылық акциясы

Ақ ниетті көмегім-2019» қайырымдылық акциясы

Автор: urdzhar-sossu.kz 45

2019 жылдың 29 тамызында «Үржар баларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – де «Ақ ниетті көмегім-2019» қайырымдылық акциясы өтті.

Мерекелік іс-шараға Ақжар ауылдық округінің әкімі Усаев С.Т., Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газетінің өкілі Оспанов Амантай, аудандық әділет басқармасының бастығы Селиханова С.К., Б.Турлыханов атындағы орта мектептің ұжымы, ішкі саясат мамандары және қызмет алушылардың ата-аналары қатысты.

Концерттік бағдарламаны мекеме директоры Мұхамадиева Айжана Аманжолқызы қонақтарды және орталықтың мектеп оқушыларын құттықтап, өзінің жылы лебізін айтты. Қызмет алушылар Баймұрат М, Жұмағазы Б, Тлегенова Е, Тыныбекова М, Болатбек Е «Топ-балаган» әнін орындады. Орталығымыздың тәрбиешісі Мухаметжанова А. және қызмет алушы Алемсейтова А «Армансыз күнім болмайды», Несіпбаева Мәриям «Гүл көбелек», Тыныбекова М «Қасиетті домбыра», Буланов М «Мен қазақы баламын» әндерін орындады. Мерекелік іс-шара қызмет алушылар мен мамандардың орындауындағы «Подари улыбку миру» хормен аяқталды.

Ақ ниетті көмегім-2019» қайырымдылық акциясы
Ақ ниетті көмегім-2019» қайырымдылық акциясы

Поделиться:


Баннерлер