Қош келдің, әз Наурыз!

Қош келдің, әз Наурыз!

Автор: urdzhar-sossu.kz 23

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында орталығымызда "Қош келдің, әз Наурыз!" атты дәстүрге айналған үлкен мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шарада халқымыздың ғасырлар бойы сөнбей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жөн-жоралғылары мен салт-дәстүрлері жаңғыртылып, жастарға үлгі өнеге болсын деген ниетте, сахналық көрініс ретінде көрсетілді. Іс-шара шымылдығын көктем мен бірге түлеп бірге жаңаратын «Жер-Ананың» оянуын бейнелейтін пролог ашты. Халқымыздың ғұрпына сай бата айтылды. Ұмыт болып бара жатқан "Тұсау кесер", "Қызды оң босағаға отырғызу", "Қамшы ілу", "Шеге шапан" салт-дәстүрлерін орталық қызметкерлері сахналады. Тақырыпқа сай әндер шырқалып, билер биленді. Әр топтың ата-аналары "Ұлттық дастархан мәзірі" тақырыбында дастархан жайды. Қызметкерлер "Дәмді бауырсақтар" сайысына ерекше, дәмді, жұмсақ бауырсақтарын пісірді. Алаңда спорттық ойындар ойнатылды. Орталық директоры Салтанат Каймолдиновна меркелік шара соңында атаулы шараға белсене қатысқан қызметкерлерге, ата-аналарға Алғыс хат табыс етті. Іс-шараға келген қонақтар балаларды, ұжымды мерекемен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

⚜Орталығымызда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында орталығымыздың кішкентай қызмет алушысы Слямхан Ельдана қадамын нық басып, тез жүріп кетсін деген ниетпен жақсылыққа жорып, салт-дәстүрдің барлық жоралғысын сақтап "Тұсау кесер" рәсімі өтті.

Қош келдің, әз Наурыз!

Поделиться:

Баннерлер