Шын жүректен алғыс айтамыз!

Шын жүректен алғыс айтамыз!

Автор: urdzhar-sossu.kz 40

Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

"Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де 1-наурыз Алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара ең алдымен, мекеме директоры Селиханова Салтанат Қаймолдақызының құттықтау сөзімен, жүрек жарды ақ тілегімен басталды. Орталығымыздың өнерлі қызмет алушылары мен мамандары қонақтарға арнап, өз өнерлерін көрсетті. Алғыс айту күніне орай, мекеме қызмет алушыларының ата-аналары видео құттықтау арқылы, орталық мамандары мен қызметкерлеріне, жалпы ұжымға өз ризашылықтарын білдірді.

Мерекелік концертте орталыққа және қызмет алушыларға үнемі демеушілік көрсетіп келе жатқан ауданымыздың жаны жайсаң, мейірімді, жомарт азаматтары қонаққа келіп, балалардың өнерін тамашалап, ізгі тілектерін білдірді. Ел болашағына жауапты жастардың өмір тіршілігінің жарқын болуы мен білім алуы жолында аянбай көмек етіп, игі істеріңіз арқылы жақсылық жасай біліп, демеушілік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз! Мерейлі мерекеде Сіздердің еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз! Осы сәтті пайдаланып, Сіздергі бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, біздің ерекше балаларымызға көрсеткен қамқорлықтарыңыз үшін ұжым атынан Алғыс айтып, өз ризашылығымызды білдіреміз! Алтын емес, алғыс арқалауға асыққан жомарт азаматтарымыз көп болсын. «Жақсы сөз – жанның тынысы» дегендей, бір – бірімізге жақсы сөйлеп, жақсылық жасаудан шаршамайық! Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылайық!

Шын жүректен алғыс айтамыз!

Поделиться:


Баннерлер