Бірлестік

Бірлестік

Автор: urdzhar-sossu.kz 27

"Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де мамандармен кезекті бірлестік өтті.

Бірлестік жетекшісі дефектолог Султанова А.С бірлестіктің жылдық жоспарымен таныстырды. Әдіскер Абдрахманова Г.А. мамандарға жыл бойы атқарылатын жылдық жоспармен таныстырып, ұсыныстар айтты.

Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі маман Калиева Л.М балалармен жыл бойы атқарылатын жеке жұмыс жоспары жайлы түсіндіре кетті. Мәдени іс-шаралар ұйымдастырушы Тимурова А.С жылдық мәдени іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Сонымен қатар, биылғы барыс жылын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауын оқып, биылғы барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялағандығын айта кетті.

Бірлестік

Поделиться:


Баннерлер