Марапаттау

Марапаттау

Автор: urdzhar-sossu.kz 96

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарсаңында «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің директордың әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Р.Ж.Джанкушукова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальімен марапатталды.
Сонымен қатар, орталық реабилитологы Ж.З.Байгулжина Қазақстан Республикасы Президентінің 2 желтоқсандағы жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Орталық кітапханашысы Б.З.Садвакасова Үржар ауданының әкімі Н.Токсеитовтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Барлық марапат иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Әлеуметтік қызмет көрсету саласының дамуына, өркендеуіне сіңірген ерен еңбектеріңіз әрқашан биіктерден көріне берсін дейміз!

Марапаттау

Поделиться:


Баннерлер