Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

Автор: urdzhar-sossu.kz 16

14 желтоқсан күні орталықта барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара әнұранмен және орталық мамандарының құттықтауымен ашылды. Мекеме директоры С.К.Селиханова орталық қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекеге орай, орталықта ерен еңбетерімен көзге түскен орталық қызметкерлеріне Алғыс хат табыстаса, іс-шараға белсене қатысқан қызмет алушыларды Мадақтамалармен марапаттады. Іс-шарада мамандар, медицина қызметкерлері және қызмет алушылар өз өнерлерін көрсетті. Кітапханашы Б.З.Садвакасова Тәуелсіздік мерекесіне арналған кітап көрме ұсынды.

Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Осынау ұлық мереке құтты болсын ағайын!

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!

Поделиться:


Баннерлер