Әсем саз вокал үйірмесі

Әсем саз вокал үйірмесі

Автор: urdzhar-sossu.kz 18

Үйірме жетекшісі: Исжанова Жадыра Мубараковна

Музыка- адам өмірінің жан серігі,музыканы сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес,өйткені ол баршаға қажет,оның тілі кім -кімге де түсінікті. Музыка сабағы- көптеген іс-әрекеттерді қамтиды.Олар:музыка тыңдау,хормен ән айту, музыкалық ырғақтық қимылдар жасау және балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау.Ал үйірмеде,қызмет алушылар музыка сабағында алған білімін кеңейтіпән,орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Үйірме жоспарын құрғанда қызмет алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,тақырыптар мен музыкалық материал таңдап алынады.

Үйірменің мақсаты:
• Қызмет алушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту;
• ән өнерінің қадір-қасиетін ұқтыру;
• музыканы тыңдау, есту қабілеттерін қалыптастыру;
• әнді таза, мәнерлі, әсерлі орындауға үйрету;
• музыканың мазмұны мен сөзін түсіне білуге үйрету;
• шығарма мазмұнын түсініп, ажырата біліп, қызығушылықпен орындай білуге үйрету;.

Жетістіктері:
Буланов Милат ,Тыныбекова Мөлдір Республикалық «Жас Жұлдыз» байқауының жеңімпаздары.Ал,Тұрсынова Малика,Алемсеитова Ажар,Искакова Айжан,Қасенова Ақниет өз өнерлерін мекемеде және аудандық сахнада көрсетуде.

Әсем саз вокал үйірмесі

Поделиться:


Баннерлер