Армысың, алтын күз!

Армысың, алтын күз!

Автор: urdzhar-sossu.kz 13

30 қыркүйек күні «Үржар балаларға арналған арнайы қызмет көрсету орталығы» КММ-де мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы А.С.Тимурова мен музыка мұғалімі Ж.М.Исжанованың ұйымдастыруымен әр топта «Армысың, алтын күз!» мерекесі өтті. Әр топ мамандары мен қызмет алушылары күз мерекесіне орай, әртүрлі жемістер мен көкеністерден, дәндерден, жапырақтардан күздік компазиция жасады. Қызмет алушылар Алтын күз мерекесіне байланысты тақпақтар айтып, ән шырқады.

Мәдени іс-шарларды ұйымдастырушы А.С.Тимурова қызмет алушыларға қызықты жұмбақтар жасырып, күз мезгілінің ерекшеліктері мен күзгі еңбек жайлы ақпарат берсе, музыка мұғалімі Ж.М.Исжанова қызмет алушыларға топпен «Жау-жау жаңбыр», «Кап-кап» әндерін орындатқызды. Дене шынықтару мұғалімі Д.Ғабитов қызмет алушыларға қызықты ойындар ойнатты. Күз ханшайымы әр топтың қызмет алушыларының өнерін тамашалап, жылы лебізін белдірді. Іс-шара қорытындысында, белсене қатысқан әр топқа орталық директоры С.К.Селиханова Алғыс хат табыстады.

Армысың, алтын күз!

Поделиться:


Баннерлер