Ән шапағаты, би құдіреті» атты қайырымдылық – концерт өтті

Ән шапағаты, би құдіреті» атты қайырымдылық – концерт өтті

Автор: urdzhar-sossu.kz 50

8 қазан күні барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің 10 - жылдығына арналған «Ән шапағаты, би құдіреті» атты қайырымдылық – концерттік іс-шарасы өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімі Н.Т.Тоқсеитов пен аудандық мәслихат хатшысы К.Б.Қарашев қатысып, мекеме қызметкерлерін мерекемен құттықтап, орталық басшылары мен қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Атаулы салтанатты шараға ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының орынбасары А.О.Султанова және Шығыс Қазақстан облысындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының директорлары орталық қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, атаулы меркемен құттықтады. Сонымен қатар, салтанатты шара аясында өткен «Жылы жүрек, жомарт қол» қайырымдылық акциясына белсене қатысты. Қайырымдылық – концерттік іс – шара барысында, орталықтың қызмет алушыларының жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Шара барысында, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары бірігіп өнер көрсетті.

Ән шапағаты, би құдіреті» атты қайырымдылық – концерт өтті

Поделиться:


Баннерлер