Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет

Балаларды өмірге даярлау, өздеріне тұрмыстық қызмет көрсете алатындай дағдыға үйрету. Мекемеде балалардың үй жағдайындағыдай тұруына, білім алуына, емдік шараларын алуына толықтай жағдай жасалып, Сан-ПИН талабына сай жабдықталған. Арнайы бөлмелер жиһазбен, арнаулы құралдармен қамтамасыз етілген. Балаларды тасымалдау үшін 2 автокөлік жұмыс атқарады. 4-мезгіл жоғарғы коллориялы тамақ, күнделікті емдік ас қымыз, шұбат, айран, жеміс-жидектер мен көкеністерден салат, балық өнімдері беріледі. Балаларды әлеуметтік бейімдеу мақсатында әлеуметтік-тұрмыстық бағытта жоспар бойынша сабақтар өткізіледі.