Әлеуметтік-психологиялық қызмет

Мекемеде балалардың психологиялық хал-ахуалын анықтайтын, тексеру диагностикасын жүргізетін, бақылайтын, балаларға релаксакция жүргізетін арнайы психолог маманы жұмыс істейді. Өз қызметінде психолог ата-аналармен, мамандармен, мүмкіндігі шектеулі балалармен топтық және жекеше жұмыстар жүргізеді. (Анкета, сауалнамалар, психологиялық тренингтер, кеңестер т.б) Психологиялық тексеруге қажетті дидактикалық құралдармен жабдықталған арнайы кабинет жұмыс істейді.