Әлеуметтік-педагогикалық қызмет

Аталған қызмет түрін жүзеге асыру мақсатында ақыл-есінің дәрежесі, психо-физиологиялық мүмкіндігі, жас ерекшелігі, ескеріліп мұндағы балалар 5-топқа бөлінген. Педагогикалық қызмет түрін 5-дефектолог, 10-тәрбиеші, логопед, музыка маманы, дене шынықтыру маманы құрайды. Стандарт бойынша қабылданған бала 14 күн бақылауға алынып, топтық бағалаудан өткізіліп, бала бойындағы тіл кемістігі, ойлау қабілеті, есте сақтау қабілеті, зейін аудару т.б кемшіліктерін түзетуге бағытталған 1-жылға жеке жұмыс жоспары құрылады. Логопед арнайы жабдықталған кабинетте логопедиялық тренажер, айна, сылау зондтары мен дыбыс қою зондтардың көмегімен түзету жұмыстарын жүргізді. Сөздік қорын дамытып, жеке және топтық үлгіде жұмыс атқарды. Мекеме әдіскері үнемі балалардың білім алуы мен түзету жұмыстарын қатаң қадағалайды. Әлеуметтік–педагогикалық мақсатта әр топта (ашық сабақтар, тәрбие жұмыстары, ертегілік қойылымдар) көрсетілді.

Әр тоқсан аяғында жұмыс жоспарына қорытынды жүргізіліп мониторинг сараптамасы жүргізіледі.