Әлеуметтік–еңбек қызмет

балаларды еңбекке баулу мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларға еңбектік қызмет көрсетіледі және арнайы кабинеттер қажетті құралдармен жабдықталған. Тігін тігу, тоқыма тоқу, бисермен жұмыс, табиғи материалдармен жұмыс жүргізеді.

Мұнда белгілі мамандыққа бейімдеу үшін тігін тігу, жеңіл тағамдар әзірлеу, бисермен жұмыс жүргізу, ағаш және темірмен жұмыс істеуге үйрететін түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Жаз мезгілдерінде мекемені абаттандыруға ерекше назар аударып, еңбек сабақтары табиғат аясында өткізіледі.

Әрбір әлеуметтік-еңбектік бағыттағы іс-шаралар мекемедегі тәрбиеленуші балалардың өмірден өз орындарын табуға, мамандық таңдауға көмектеседі.